Пойыз билеттерінің бағасы қымбаттайды
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды. Көлік министрлігінің өкілдері баға өсімін вагондар паркін жаңарту қажеттілігімен түсіндірді.
Көлік министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайтынын хабарлады.
"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Сондай-ақ соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өспегенін (инфляция деңгейіне индексацияны қоспағанда) ескеру қажет", - делінген хабарда.
Ведомство ақпаратынша, вагондар паркінде 2 667 вагон бар, оның 44 пайызы тозған. Вагондар паркін жаңартуды жеке тасымалдаушылар да, ұлттық тасымалдаушылар да жүзеге асырады.
2025 жылдан бастап жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алу жоспарлануда, ал 2030 жылға қарай жыл сайын 1200 вагоннан астам сатып алынбақ. Бұл ретте әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасын (тарифтерін) көтеру "Темір жол көлігі туралы" заңның 12-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Пікірлер (0)