Қазақстандық финалға шықты
Жаңалықтар
492
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін грек-рим күресінен Демеу Жадыраев финалға шықты
Жартылай финалда Демеу 2021 және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері әзірбайжандық Санан Сүлейменовпен белдесіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Жадыраев Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовты жеңген.
Оның алдында бірінші айналымда Колумбия балуанын 9:0 есебімен ұтқан болатын.
Оқи отырыңыз
Жаңалықтар
Еуропа Ресейге санкцияларды күшейтті
Пікірлер (0)