Полицей пара алып, алаяқтық жасаған: үш жарым жылға сотталды

Жаңалықтар
view 179
news

Сурет: Ақмола облыстық соты

Бұланды аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары, полиция подполковнигі Марат Досжанов пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Үкім Ақмола облыстық сотында жарияланды. Анықталғандай, бұрынғы жоғары шенді полицей қылмыстық істі тоқтату үшін 2 миллион теңге пара алған. Артынша ол жәбірленушіден тағы бір миллион теңге талап етіп, бас тартсаң, қамауға аламыз деп қорқытқан.

Досжанов қызметтік бабын пайдаланып, алаяқтық жасау (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға пара беруге итермелегені (28-баптың 4-бөлігі, 367-баптың 2-бөлігі) үшін кінәлі деп танылды.

«Соттың үкімімен Д. шенінен айрыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сотталушыдан 2 500 000 теңге пара мемлекет пайдасына заңсыз иемденген мүлік ретінде өндірілді», деп хабарланды облыстық сот баспасөз қызметінен.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *