Президент Аида Балаеваның әлеуметтік және мәдени саясат бойынша есебін тыңдады

Жаңалықтар
view 29
news

фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Кездесу барысында мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер талқыланды.

Аида Балаева Президентке Конституцияның жаңартылған нормаларын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар заңнаманы жаңа талаптарға сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті дамыту және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Министр отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қозғалысты қолдау, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру мәселелері жөнінде де ақпарат берді. Бұдан бөлек, мәдени инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа білім беру, ғылыми-ағартушылық және шығармашылық орталықтар ашу, ұлттық өнерді дамыту және кәсіби мамандар даярлау бойынша ұсыныстарын таныстырды.

Кездесуде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды. Осы ретте білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болды.

Сондай-ақ ведомствоаралық өзара ықпалдастықты күшейту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, адами капиталды дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында Президент Үкіметтің мәдениет, ақпараттық саясат, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау бағыттарында атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Сонымен бірге халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *