Қостанай облысында ауыл тұрғындары жолды өз қаражатына жөндеуге кірісті

Жаңалықтар
view 35
news

фотосурет: ашық дереккөз

Қостанай облысының Московское ауылында тұрғындар жол мәселесін өз күштерімен шешуге мәжбүр болды. Олар көшелердің біріне қиыршық тас төсеу үшін өзара қаражат жинап, кем дегенде бір жолды қалыпқа келтіруді көздеп отыр. Бұл туралы Jana Bastau.kz хабарлады.

Ауыл халқының айтуынша, көшелердің батпаққа айналуы күнделікті өмірге елеулі қиындық туғызуда. Тіпті жаз мезгілінің өзінде тұрғындар резеңке етік киіп жүруге мәжбүр. Жаңбыр жауған кезде жағдай тіпті күрделеніп, кейбір топырақ жолдармен жеңіл көліктер ғана емес, жедел жәрдем қызметінің де жүруі қиындайды. Салдарынан науқастарға уақытылы көмек көрсетуге кедергі келетін жағдайлар кездеседі. Дегенмен ауылдық округ әкімдігі бұл мәселенің жоспардан тыс шешілмейтінін мәлімдеді. Әкім Әділхан Мұқановтың сөзінше, жол жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Оның айтуынша, соңғы екі жылда ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге аудандық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ал «Наша газета» басылымы тұрғындар өз қаражатына жөндеуге кіріскен көшелердің 2025 жылға арналған жол жөндеу жоспарына енгізілмегенін жазды. Сондықтан ауыл халқы мәселені өз күшімен шешуге бел буып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *