Президент: Экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек
Жаңалықтар
194
Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма берді,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.
Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді. Үкімет нақты датаны айқындайды»,- деді Президент.
Пікірлер (0)