Жаңа рекорд: Алматы облысында ауыл баласы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады

Жаңалықтар
view 204
news

Сурет: ашық дереккөзден

Алматы облысында Қарабұлақ ауылындағы түлек Еңсебек Жаннұр ҰБТ-дан 140 балл жинады,- деп хабарлайды Janabastau.kz Талғар аудндық білім бөліміне сілтеме жасап. 

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектептің түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады.

Жаннұр "Алтын белгі" иегері атанған. Бұл көрсеткіш республика бойынша биылғы ҰБТ-дағы әзірге ең жоғары балл болып отыр. Осыған дейін жоғары балл алған оқушылардың бірі Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Айдос Қожанов сұқбат берген болатын. Айта кетейік, биылғы ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *