Президент ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы қызметінен кетті
Жаңалықтар
154
Сурет: ашық дереккөзден
Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысына президент Тоқаевтың Жоғарғы сот судьясын қызметінен босату туралы ұсынысы түсті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Құдиярұлы депутаттарға қаулыны таныстырды.
"Комитетте президент Қ.Тоқаевтың Жоғары сот судьясын қызметінен босату туралы кандидатураны талқылап, қорытынды шығарды. Ол бойынша, Қазақстан республикасы ұсынысы негізінде және Конститутцияның 55-бабының бірінші тармақшасына, Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы заңның 34-бабының 1,8 тармақшасына сәйкес, комитет ҚР Жоғары сот судьясын қызметінен босату туралы қаулыны шығарды. Қолдауларыңызды сұраймын", — деді комитеті төрағасы.
Депутаттар Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Пікірлер (0)