"Ұятсыз әйел – тұзсыз ас": "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының жаңа жазбасы талқыға түсті

Жаңалықтар
view 231
news

Сурет: ғаламтордан

Қоғамда әйеліне қол көтеріп ажырасып кеткен “Меломен” тобының әншісінің өмірі қызу талқыланып жатыр,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

“Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”, – деп жазды Ғабит Бибасыұлы. 

Желі қолданушылары жасап жүрген іс-әрекеті еркектікке жатпайтынын жарыса жазып жатыр. Араларында әншінің су жаңа әнін де сынап жатқандар табылды. 

“1045 ән арнап ақталсаң да, әйеліңді ұрғаның рас”, “Жақтап өліп жатқандар тиіп алыңдар, басы бос”, “Әйел – Алланың аманаты. Қандай жағдай болмасын әйелін ұрған еркек – тікелей Аллаға қарсы шыққаны”, “Әндерінің бәріне байкот жариялау керек”, “Бала-шағасына көмек бере алмайтын еркек екенсің”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *