Президент Жазушылар одағының құрылтай жұмысына сәттілік тіледі

Руханият
view 499
news

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайына арнайы жолдаған құттықтау хатын оқыды, деп хабарлайды janabastau.kz. «Жазушылар одағы - қазақ руханиятының қара шаңырағы, ұлт зиялыларының басын қосқан бірегей құрылым. Ғасырға жуық тарихы бар ұйымда төл мәдениетіміздің дамуына ерекше еңбек сіңірген біртуар тұлғаларымыздың ізі қалған. Жаңа толқын сол ұлыларымыздың ұлағатты жолын лайықты жалғастырып келеді. …Қалам - киелі құндылық. Сөз құдіреті халықты ыдырата да, біріктіре де алады. Біз қазіргі жаһандану дәуірінде өзге өркениеттерге жұтылып кетпей, егемен ел әрі дербес ұлт ретінде сақталудың қамын ойлауымыз керек. Сондықтан барша қаламгерлеріміздің бірлікті ту етіп, ел мүддесі жолында ұлтты ұйыстыруға адал қызмет етуі өте маңызды. Бүгінгі алқалы жиында салмақты ой, салиқалы пікір айтылып, сөз зергерлерінің шығармашылығына тың серпін беретін жаңа үрдістерге жол ашылады деп сенемін», деп жазылған құттықтау хатта. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бүгінгі жиында сөз ұстаған қауым келелі ой, салмақты пікір айтады деген үміт білдірген. «Әдетте «Әдебиет - әдептен басталады» деген қанатты сөз бар. Қаламгер қауымы көптен күткен құрылтайдың әдеп пен әділеттің, пайым мен парасаттың, бірлік пен бәтуалы байламның басалқалы бас қосуы болады деп сенеміз. Құрылтай жұмысына сәттілік тілеймін!», деп жазды министр өзінің Facebook парақшасында. Айта кетейік, бүгін Алматыда Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтіп жатыр.

Пікірлер (1)

  • Diana

    You said it perfectly.! casino en ligne fiable You expressed it terrifically. casino en ligne Amazing plenty of good advice. casino en ligne With thanks! I appreciate it. casino en ligne fiable Truly loads of great facts! casino en ligne This is nicely put. . meilleur casino en ligne Reliable information, Regards. casino en ligne francais You said that adequately! casino en ligne francais You mentioned that fantastically! casino en ligne Fine tips, Thanks! casino en ligne

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *