Прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

Жаңалықтар
view 1996
news

Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысында прокуратура қызметкері өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне байланысты полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы – өзін-өзі өлтіруге итермелеу.

Egov Press Telegram арнасы Павлодар облысы Баянауыл ауданы прокуратурасының қызметкері Асылбек Жұмағалиевтің белгісіз себептермен ваннада өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *