Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп келеді

Жаңалықтар
view 3258
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

1 мамырда сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікпен салыстырғанда 5-тен 25 сантиметрге дейін көтерілді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінше, Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор ауылы су бекетіндегі су деңгейі 718 см, деңгейдің +25 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы 495 см көтерілді.

Жайық өзені – Махамбет ауылы 779 см деңгейінде, тәулігіне +15 см деңгейге көтеріліп отыр.

Жайық өзені – Атырау қаласындағы гидробекетіндегі су деңгейі тәулігіне +5 см-ге өсіп отыр. 

"Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде. 1 мамырда Ирикла су қоймасынан ағызу 141 м3/с жетті", – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *