Путин мен Арагчи кездеседі: АҚШ соққысынан кейін Иран Ресейге иек артты ма?

Жаңалықтар
view 222
news

Сурет: Iranian Supreme Leader via AP

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Ресей астанасына ресми сапармен келіп, 23 маусым күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды РИА порталына сілтеме жасап.

Аталған сапар АҚШ пен Израильдің Иран аумағындағы ядролық нысандарға жасаған соққыларынан кейінгі геосаяси жағдайға байланысты ұйымдастырылған. Иран мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселесі негізгі талқылау тақырыбы болмақ.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Иран делегациясының келгенін ресми түрде растады.

"Министр Арагчи Мәскеуде аймақтық және халықаралық жағдайды, сондай-ақ Тегеран мен Мәскеу арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті терең талқыламақ", – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Сарапшылар бұл сапарды Иранның геосаяси серіктестіктерін қайта пішіндеуге бағытталған қадамы ретінде бағалап отыр. АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған әскери қысымнан кейін, Иран Мәскеуге бет бұруы мүмкін деген болжам күшейе түсуде.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *