Қайрат Нұртас 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаңалықтар
view 2380
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол бұзақылық бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталуда, – деп хабарлайды Janabastau.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарды. Салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі оқиға орнында полиция шақырды. Төбелес шығарған екі азамат та полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қайрат Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды», – делінген Михаил Козачковтың telegram-арнасында.

Журналисттің жазуынша, сотқа дейінгі тергеу басталған. Әншіге қатысты қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі – «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», – делінген.

Пікірлер (1)

  • Дұрыс бұл әнші сымақтар есіріп кетті ғой. Бес жыл оданда көп берсе басылар еді. Төреғали сияқты айыппұл төлеп шығамыз деп ойларына келгенін істеп жүр ғой ақшамен сатып аламыз сот прокурорларды деген оймен. Бұзықшылық жасағандарға 5 жылдан жоғары берсе бәрі тыныш болады. Қатаң тәртіп болу керек.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *