"Миы шайқалып, бет-аузы көгерген": жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Жаңалықтар
view 735
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ беті-аузы көгеріп қалған, деп хабарлайды Janabastau.kz Lada.kz порталына сілтемесе жасап.

Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір берді.

"Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады ведомство.

Оқиға Ақтауда 30 маусымда түнде болған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *