Қарағанды облысындағы ауыл мешіті өртеніп кетті
Жаңалықтар
184
istockphoto.com
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында орналасқан мешіттердің бірінде өрт шықты. Бұл туралы "Бірінші Қарағанды"арнасы хабарлады.
Қарқаралы ауданына Томар ауылында жергілікті мешіттің ғимараты толығымен қирап қалды. Өрт өткен түнде бос тұрған кезде тұтанған.
"Өрт ғимаратты тез шарпып, қою түтін алыстан көрінді", – делінген хабарламада.
Жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенше өртті сөндіруге тырысқанымен, тілсіз жауды жеңе алмады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Пікірлер (0)