Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Фотосурет: дереккөз
Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде бюджет қаражатының пайдаланылуын «Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде бақылау жалғасуда, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Онлайн-бюджеттік мониторингі» модулі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және туризм салаларында қолданылады. Ол нақты уақыт режимінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, соның ішінде еңбекақы төлеуді бақылауға мүмкіндік береді.
Ерекше назар қызметкерлерге негізсіз төлемдерді бүркемелеп,жалақы ретінде карт-шоттарға аударымдарды талдауға аударылады. Тексерулер тәуекелдердің бар екенін бірқатар жағдайда көрсетті,бұл цифрлық мониторингті әрі қарай дамыту қажеттілігін дәлелдейді.
Кешенді тәсіл мен заманауи технологиялар бюджет қаражатын бақылауды анағұрлым тиімді әрі ашық етеді.
Осылайша, Департамент 2026 жылғы 1 қаңтардан 04 ақпанға дейінгі кезеңде ОБМ арқылы еңбекақы төлемдерін мониторнгтеу жүргізіп, барлығы 552 тәуекелді төлем (533 жеке тұлғаға) бойынша барлығы 44 хабарламалар жолданды оның ішінде:
- білім беру саласында 494 тәуекелді төлем (494 жеке тұлғаға) бойынша барлығы 29 хабарламалар;
- мәдениет саласында 20 тәуекелді төлем (21 жеке тұлғаға) бойынша барлығы 7 хабарламалар;
- денсаулық сақтау саласында 38 тәуекелді төлем (18 жеке тұлғаға) бойынша барлығы 8 қою хаттары хабарламалар.
Департамент мониторинг нысанының хабарламаны орындамаған және жоғары тәуекелдерді сақтаған жағдайында мемлекеттік аудит тағайындалады, оның қорытындысы бойынша жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Пікірлер (0)