Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Жаңалықтар
view 201
news

Фото: ашық ақпарат көзінен алынды

Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *