Шерзат ісіндегі адвокат енді Жәнібектің ісін қолға алды – Қымбат Досжан мәлімдеді

Жаңалықтар
view 282
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Белгілі журналист Қымбат Досжан туғанында сатылып кеткен Жәнібекке қатысты іске Шерзат ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған заңгердің қосылғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды janabastau.kz. 

– Жәбірленушінің ресми өкілі ретінде мен кейбір мәліметтерді жарияламауға міндетті болдым. Жалғыз өзім күресіп, кейде қиналып та жүрдім. Енді бұл күрделі істі тәжірибелі заңгермен бірлесіп жүргізетін боламыз. Біз әділ шешімнің қабылдануын талап етеміз. Ресми әрі нақты ақпаратты тек менің, Жәнібектің және Мейірман Қалмаханұлының парақшаларынан бақылап отыруларыңызды сұраймын, – деп жазды Қымбат Досжан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *