Қазақ даласының бейнесі

Жаңалықтар
view 148
news

Сурет: Автордан

Байтақ қазақ даламыздың шалқып өскен көк майсасын, кішкі жан дүниемізді селт еткізетін жусанның иісін, салқын самал желді сездіртетін көріністі көз алдымызға елестетіп беретін суретшінің қыл қаламы. Дәлірек айтқанда графикалық өнер туындылары.

Тұмар Ғалымжанқызы Қазақстанның жас суретші-графигі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінің студенті бола тұрып, үлкен өнер баспалдағын, алғашқы жеке шығармашылық көрмесін Батыс Еуропаның ең алпауыт мемлекеттерінің бірі Германияда паш етіп көрсетуін шешкен болатын. Көлемі жағынан кішігірім, бірақ технологиялық, инновациялық және мәдени жағынан әрдайым озық болып жүрген Аахен қаласы, қазақ қызының шығармашылығына тәнті болды.

«Дала жүрегі» атты көрмеде қырыққа жуық жұмыстар көрсетілген болатын. Әр жұмыс кең даламыздың шексіз әсем көрінісін, жүрекке нәр беретін жылы әуенін, ата-бабамыздан мұра ретінде қалған салт-дәстүрімізді, ежелгі сақ тайпаларының мәдени белгілерін және қазіргі заманаиу қалаларымыздың бет-бейнесін бейнелеуде.

Тұмардың оқу орнында алған білімі мен шеберлігі, сан-қилы фантазиясы қазақ халқының материалдық әлемінің алуан түрлілігін, табиғатымыздың сұлу бейнесін ерекше композициялық үйлесімділігімен көрсетуге көмектесті. Жіңішке сызықтар мен түрлі реңктердің көмегімен Тұмар біздің мәдени мұрамыздың терең мағынасын шетелдік аудиторияға жеткізе алды деп сенеміз.
Жас суретшіміз Тұмар Ғалымжанқызына шығармашылық табыс тілей отырып, осындай Қазақстанның өсіп келе жатқан, өз өнерін көпшілікке танытып жатқан жастарымызға әрқашан алға қойылған мақсаттарына, ұмтылыстарына сәттілік тілейміз!

«Сақтар өнері», 2024 ж., 21х21 см, қағаз, түрті-түсті линогравюра


 
«Тазы», 2024 ж., 30х30 см, қағаз, линогравюра

«Астана», 2023 ж., 50х35 см, қағаз, линерлер

Ғалымжанқызы Тұмар, Аахен қаласы, Германия, 2024


Фейсбук желісіндегі сілтеме:

Пікірлер (3)

  • Кенже

    Керемет өте терең мағыналы 👍, жолың әрқашанда ашық,биік белестерге жете бер🙏🏻💋

  • Жанна

    Тұмар тек алға керемет суреттер өте әдемі тек шет елдерде көрме болды қазақ деген ел барың өнері барын жарқыратып көрсетіп жүрсің қуаныштымың.Әженнің ананның ұмітің ақтайсың деп білем..Жолың ақ болсын биіктен көріне бер.Тұмар деген атына сайсын тіл көзден сақтасың.🌹🌹🌹🌹🌹👏👏👏👏👏

  • Өте керемет. Жолы ашық болып өнері алға баса берсін...

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *