Қазақ хандары қазақ қыздарын әйелдікке алмаған – тарихшы

Жаңалықтар
view 182
news

Фото: tolqyn.kz

Шыңғысхан ұрпақтары, соның ішінде қазақ хандары әйелдікке қазақ қыздарын алуға ұмтылмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы Еркін Әбіл Qalam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

 

«Қателеспесем, Абылай ханның жеті әйелі жоңғар болған. Неліктен жоңғар қыздары жоғары бағаланған?», деген журналистің сауалына тарихшы ұзақ ойланбай жауап берді. Ол хандардың әйел таңдауы тікелей саясатпен байланысты екенін атап айтты.

Абылай ханның қанша әйелі болған?

Бұл – саясатқа байланысты мәселе. Абылайға әйелдерінің бірін Жоңғар хандығының билеушісі Қалдан Серен арнайы атастырып бергені нақты белгілі. Жалпы, Абылай ханның 12 немесе 17 әйелі болғаны туралы деректер бар. Бірақ олардың мәртебесін бүгін нақты айта алмаймыз. Себебі мұсылман ретінде оның тек төрт заңды әйелі болуы мүмкін еді. Сондықтан қалғандарының бір бөлігі күң (наложница) мәртебесінде болған, – дейді тарихшы.

Еркін Әбілдің айтуынша, Абылай ханның әйелдерінің ішінде тек біреуі ғана қазақ болған, ал қалғандары қазақ емес. Оның арасында қарақалпақ, қырғыз әйелдері болған. Әйелдерінің бірі Қашғар билеушісінің қызы екені де белгілі.

Басқа ұлттан қалыңдық іздеген

Жалпы, Шыңғыс ұрпақтары қазақ қыздарын әйелдікке алуды аса қаламаған. Бұл басқа себептен емес, ішкі саясатпен байланысты еді. Өйткені әйелдің туыстары ханның саясатына міндетті түрде ықпал ететін. Сондықтан сұлтандар мен хандар өз балаларына көбіне басқа ұлттан әйел таңдауға тырысқан, – дейді Еркін Әбіл.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *