Қазақстан аспанында жоғалып кеткен тікұшақтың бөлшектері мен адамның денесі табылды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 46
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адамның денесі табылды Сорбұлақтан табылды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігіKaz.Tengrinews порталына сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауына қарағанда, спутниктік деректерді пайдалана отырып математикалық есептеулер жүргізілген. Бұл тікұшақтың шамамен орналасқан ауданын анықтауға мүмкіндік берді.

Аталған квадратқа іздестіру топтары мен арнайы техника жіберілді. Су астындағы жұмыстар барысында шамамен 14 метр тереңдіктен әуе кемесінің кейбір фрагменттері мен адамның денесі табылды. Қазір тұлғаны анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Іздеу жұмыстары судың астында көріну мүмкіндігінің төмендігі мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты қиындап, сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *