Тоқаев: Әзербайжан мен Армения келісімі – тарихи жетістік, Алматы келіссөз алаңы болды

Жаңалықтар
view 62
news

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды. Бұл туралы Janabastau.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған құжат қос мемлекет арасындағы ұзаққа созылған әскери қақтығысты түбегейлі тоқтатып, дипломатиялық қатынас орнатуға және берік бітім негізінде ынтымақтастықты дамытуға жол ашты. 

Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды.

Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.

Пікірлер (1)

  • Harris

    Hello we are looking for partners for our clients, they looking for long time cooperation and large orders, please text us on whatsapp: +48 732 675 101

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *