Қазақстанда биыл көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Жаңалықтар
view 132
news

Сурет: ғаламтордан

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Janabastau.kz. 

Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

"Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген”, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында көкжөтелден бір бала көз жұмғаныайтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *