Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел бұдан бұрын қызын тұншықтырып өлтірген
Сурет: ашық дереккөзден
Алматыда айналмалы дөңгелектен құлап кеткен әйел өлер алдында қызын тұншықтырып өлтірген,- деп хабарлайды Janabastau.kz Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматыдағы Горький саябағындағы әйел өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұратыны, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын өз үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтіргені анықталды.
Полиция департаменті ақпаратты растады.
"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік.
Пікірлер (0)