Қазақстанда тұрғын үй бағасы төмендеуі мүмкін

Жаңалықтар
view 169
news

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің төмендеуі жылжымайтын мүлік нарығында бағаның тұрақтауы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның сөзіне қарағанда, базалық мөлшерлеменің өсуі инфляцияны төмендетуге, демек, жалпы баға өсімін, соның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

Базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады, - деді ол Ұлттық банктегі брифинг барысында.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергенін жазған болатынбыз. 

Тегтер:
#Ұлттық банк

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *