Қазақстандықтардың 73,8%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті
Фото: Ресми дереккөзден
Қазақстандық қоғамдық даму институтының 21 шілде – 4 тамыз аралығында 1200 респондент арасында жүргізген телефон сауалнамасы азаматтардың алдағы сайлауға көзқарасын көрсетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
73,8% азамат 23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті. 8,1% дауыс беруге қатыспайтынын айтса, 18,1% әлі шешім қабылдамаған.
Алдыңғы сауалнамамен салыстырғанда, сайлауға қатысу ниеті 2,5%-ға артқан, ал дауыс беруден бас тартатындар үлесі 15,2%-ға азайған.
Сайлауға қатысу ниеті ауыл тұрғындары арасында қала тұрғындарына қарағанда 5,3%-ға жоғары. Әйелдер ерлерге қарағанда сайлауға қатысатынын 6,2%-ға жиі білдірген. Жоғары білімді азаматтар арасында да электоралдық белсенділік жоғары.
Саяси партиялар рейтингі бойынша «Әділет» партиясы – 70,2% көрсеткішпен көш бастап тұр. Одан кейін «Ауыл» – 5,6%, «Ақ жол» – 4,9%, Respublica – 4,7%, ЖСДП – 4,5%, Қазақстан халық партиясы – 3,3%, «Байтақ» – 0,8%.
Сауалнамаға қатысқандардың 65,4%-ы саяси ақпараттың негізгі көзі ретінде әлеуметтік платформаларды атаған. Одан кейін теледидар – 22,4%, жаңалық таратушы интернет-сайттар – 14,9%.
Зерттеу нәтижелері сайлау науқаны басталғаннан бері азаматтардың электоралдық таңдауы қалыптасып келе жатқанын және өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді.
Пікірлер (0)