Қазақтың «Төлегені» Құман Тастанбековтың естелігінен:

Жаңалықтар
view 1776
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Сұлтан Қожықов көпке дейін басты рөлге лайық қыз таба алмай дал болды. Бір күні киностудияға Меруерт келді. Шашы ұзын, түр-тұлғасы жинақы, киген киімі мен жүрген жүрісі келісті. Бірақ түрі аздап суықтау екен. Дәлізде көріп қалып, көзімді ала алсамшы. Ол да маған көзінің қиығын тастады. Сол сәт дәл кеше болғандай әлі есімде. Ішімнен:

«Мынау нағыз Жібек қой» дедім. Айтқаным айдай келді. Басты рөлге Меруерт екеуміз бекітілдік. Режиссердің таңдауына қарсы шыққандар көп болды. «Жастар ойнайтын рөл емес, ысылған актерлер ойнауы тиіс»,- деп шу көтерді. Қызу пікірталастар жүрді. Сол кезде біздің сөзімізді сөйлеген Олжас пен Асқар Сүлейменовтерге рахмет.

Олар «Қазақфильмде» редактор болып істейтін. Талқылау кезінде Олжас ешкімнің аузын аштырмапты. Өзім ол жиынға қатысқан жоқпын, шудың ортасында болғандар айтып берді.

«О чем вы говорите? Какой будет рассвет если мы будем снимать Тулегена в 30 лет, Бекежана в 50 лет?», - деп Олжас қарсы уәж айтқандарға дүрсе қоя беріпті.

Бұл дау Дінмұхамед Қонаевтың алдына дейін барды. «Кино маманы емеспін. Бірақ жастар түскен киноның тартымды болатынына көзім жетеді», - депті Димекең.

Сол кісі айтқандай кино әлі де тартымды, көрерменін жоғалтқан жоқ. Фильмнің сәтті шығуына сол кездегі министр Ілияс Омаровтың қосқан үлесі өлшеусіз. Ол кісі өнердің нағыз жанашыры еді.

Сондай тұлғалардың арқасында «Қыз Жібектің» тұғыры берік, мәртебесі биік болды.

«Қыз Жібектен» кейін Меруерт екеуміз Абдолла Қарсақбаевтың «Біздің Ғани» фильміне түстік. Онда мен Ғани Мұратбаевты сомдасам, Меруерт оның жары Раушанның рөлінде ойнады. 1970 жылдың күзінде, «Біздің Ғанидың» түсірілімі жүріп жатқанда екеуміз шаңырақ көтердік. Содан бері өмірде, өнерде де жұбымыз жазылған жоқ.

TIMUR. KZZ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *