"Еш жерге жұмысқа алмай қойды" Нұрлан имам өмірі туралы айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Нұрлан имам танымал болғанға дейінгі өмірі туралы айтты.
Нұрлан қажы Асанов әлеуметтік желі қолданушыларына "заманауи имам" ретінде белгілі. Дін қызметкері жастардың сұрағына жеңіл тілмен, шынайы жауап беруімен елге танылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі имаммен сұқбаттасып, оның қоғамдағы кейбір мәселелерге қатысты көзқарасы және танымалдылыққа дейінгі өмірі туралы сұрап білді, деп хабарлайды janabastau.kz.
"Жағдай жақсы. Бірқатар шара жасалған. Көрініп тұр. Бұрын осында істедім. Күрделі мәселелер болды. Жағдайды ашып айттық. Сол айтқаным үшін басыма да тиді. Қазір біраз түзелген. Оны жастардан көріп отырмын. Қара киінгендер азайған. Десе де арқаны кеңге салуға болмайды. Тоқтамай жұмыс істеу керек. Негізгісі - кейінгі ұрпақты бұл жолға елітпеу керек. Олардың артынан ілесіп кетпеу керек. "Бүкірді шұңқыр түзейді" дейді. Олар солай кетті. Олардың санын көбейтпеу маңызды.
Ақтөбеден кеткеннен кейін қиын кездер болды. Бір жылдан аса жұмыссыз жүрдім. Мал бақпасам да, сол хәлге түстім. Трактор айдадым. Ақтөбеден кеткеннен кейін мені еш жерге жұмысқа алмай қойды. Шақырады, өтініш жазамын. Қызметке қоймайды. Өтпелі кезең болды. "Кішкентай ауылға барасың ба" деген ұсыныс түсті. Алланың үйі болса бара беремін дедім. Марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлі да солай айтқан. "Алланың үйі болса болды, атағы жер жаруы керек пе деп" Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылында мешітте имам болдым. Сол жақта қызмет жасадым. Мешітке жамағатқа бір-ақ ақсақал келетін. Жұма намазында 10-15 адам болады. Сөйтіп 5-6 жылдың ішінде мешітке адам сыймай, кеңітуге мәжбүр болдық. Кейін әлеуметтік желіге шықтым. Ол үшін де көп сынаққа ұшырадым. Өз әріптестерім де мазақтады. "Неге шығасың", "тоқтат", "TikTok-қа шықпа" деп тыйым да салды. Дінді насихаттаудың жаңа жолы дегенімді түсінбеді. Ел қайда, жастар қайда біз де сонда болуымыз керек. Сол қайсарлығымның нәтижесі осы болды. Қазір молдалардың бәрі әлеуметтік желіге кіріп кетті. Мен азайттым", - деді Нұрлан имам.
Пікірлер (0)