Қолын байлап ұйықтатып, нәжісін ішкізген: Шымкентте асыранды балаларын қорлаған әке жазадан құтылып кетті

Жаңалықтар
view 413
news

Сурет: ғаламтордан

Шымкентте асырап алған балаларын қорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Бұған дейін Шымкентте үш жыл ішінде алты баланы асырап алып, оларды азаптаған ер адам ұсталғаны туралы жазған едік. 

Сот үкімімен ер адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Балаға зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған соң, ол психиатриялық сараптамадан өтті. Сотталушыға шизофрения диагнозы қойылған.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгенітуралы жазған едік. 

Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *