Шымкентте асыранды алты баланы қорлады деп айыпталған "емшінің" қорғаушысы іске қатысты тың деректер айтты

Жаңалықтар
view 784
news

Сурет: ғаламтордан

Шымкентте алты баланы асырап алып, ит-мысықтың етін жегізіп, нәжісін ішкізді деген "емшіге" қатысты сот үкімі жариялануға жақын. Бүгін сот отырысына Ұлықбек Смановтың әпкесі мен қорғаушысы келді. Сотталушының қорғаушысы Убадулла Рахманов тың деректер айтты, деп хабарлайды Janabastau.kz. 

Убадулла Нұрмановтың сөзінше, сотталушы Ұлықбек Сманов сонау 1995 жылдан бері психикалық диспансер есебінде тұрған. Жастайынан шизофрения диагнозы қойылған ер адам алты рет үйленген. Және жүйке жүйесінің әлсіздігіне байланысты некенің бәрі ажырасумен аяқталған. Сондай-ақ ол 1993 жылы абайсызда адам өлтіріп сотты болған. Бірақ онда да психикалық ауытқушылығына байланысты ауыр жазадан құтылған. Бірер жылдан соң бостандыққа шыққан. Адвокат сөзінше, шымкенттік бұл жолы да темір торға тоғытылмай, ауруханаға жатқызылуы мүмкін. 

 


"Сманов мәжбүрлі түрде емдеуге жатқызылады. Егер емделіп жатса, бостандыққа шығады. Ол 1995 жылдан бері шизофрения диагнозымен есепте тұр. Бұл істе Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы білім басқармасының кемшіліктері зор. Сманов бұрын осылай жауапкершілікке тартылғаны белгілі, есепте тұрғаны белгілі. Жүйке ауруы шизофрениямен жас кезінен бастап ауырған. Соны ескерместен балаларды асырауға берген. Тексеру формалды түрде жүргізілген. Үй-жайына барып тексермеген. Қандай жағдайда тұратынын сұрамаған, көршілерімен сұқбат жүргізбеген", - дейді адвокат Убадулла Нұрманов.

Ал білім басқармасының өкілдері бала асырап алу үшін алдарына әкелген құжатта ешқандай мін болмағанын айтады. Қағаз жүзінде алты баланы асырап алған Сманов не психикалық есепте, не соттылығы жөнінде тіркеуде болмаған.

"Шымкентте алты баланы үнемі қорлаған деп айыпталған асырап алушы әкесі психикалық ауруы жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынған. Бұл отбасында алты бала болды, олардың екеуі толық асырап алынған, төртеуі қамқорлықта болған. Қамқоршылықты белгілеу кезінде кандидаттар асырап алуға немесе қорғаншылықты белгілеуге қарсы көрсетілімдері жоқ екенін растайтын құжаттар мен анықтамалар ұсынды", - деген еді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Еске сала кетейік, Шымкентте алты баланы асырап алған әкесіне қатысты іс қозғалған болатын. Ол балаларды жұмысқа мәжбүрлеп, жуындырмай, байлап ұстаған. Сонымен қатар тұрғын балаларға ит пен мысық етін берді деген күдікке ілінді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Юлия Овечкина Шымкенттегі патронат отбасындағы балаларды азаптау оқиғасына пікір білдіріп, заңға енгізілген жаңа өзгерістерді мәлімдеген еді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *