12 адам қаза тапқан ірі жол апаты: Үкіметтік комиссия құрылды

Жаңалықтар
view 43
news

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысында болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 12 адам қаза тапқан ірі жол апаты: Оқиғаға кім кінәлі екені анықталды

Ақтөбе облысында ірі жол апаты болып, 12 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Премьер-министр комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды, - деп делінген хабарламада.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *