Қоқыстан спортшының мәйіті табылды

Жаңалықтар
view 78
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Ақтаудағы 3-шағын ауданда аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды,  – деп жазды janabastau.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың суреті тарады. Оның денесі бұзылып, әбден ісіп, қарайып кеткен. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады. 

«Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр», - деп жауап берді департамент. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *