Қордайда екі оқушының денесі табылды

Жаңалықтар
view 31
news

Фотосурет: istockphoto

Жамбыл облысында екі оқушының көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін Қордай ауданындағы Қаракемер ауылында болған. Сарайдан екі жасөспірімнің денесі табылды. 

Полиция тергеу шараларын бастады.

"Қордай ауданындағы суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары басталды", - дейді полицейлер.

Айта кетері, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша бес жылға дейiн бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *