Қосшы қаласында жастарға арналған диалог алаңы өтті
Фотосурет: дереккөз
Бүгін Қосшы қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың тарихи мәні Конституция жобасында» тақырыбында жастарға арналған диалог алаңы өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты — жастарға негізгі конституциялық өзгерістерді түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру.
Диалог алаңының спикерлері ретінде «Қосшы қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Джумахметов Ғалымжан Нұрланұлы және полиция майоры Тусупбаев Айдын Нұрланұлы сөз сөйледі.
Спикерлер Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам дамуына, заң үстемдігін нығайтуға және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалы туралы жан-жақты түсіндірме берді. Іс-шараға төтенше жағдайлар бөлімінің, отбасын қолдау орталығының мамандары, мемлекеттік қызметшілер, тіл саласының өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
Талқылау барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, тақырып аясында пікір алмасты. Мұндай ашық форматтағы кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын, саналы әрі белсенді азаматтық ұстанымы бар жас ұрпақты қалыптастыруға ықпал етеді.
Пікірлер (0)