Қосшыда 307 жұп вальс билеп, рекорд орнатты
Фотосурет: janabastau.kz
Қазақ сахнасының ән патшасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы мен Қосшы қаласының 4 жылдығына орай ерекше шара өтті. Бұл мерейтойлық іс-шара кезінде 307 жұп вальс билеп, рекорд орнатты. Рекордты ресми түрде тіркеу және сертификатты табыстау рәсімі GLOBAL BOOK OF RECORDS ұйымының Азия және Африка елдері бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергеновтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі тілшісі.
Тарихи сәттке қатысқан танымал әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, қала тұрғыны Нұрлан Өнербаев жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, халықтың жадында сақталған әдемі әндерін тарту етті. Сөз кезегін алған қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкей: «Барша жерлестерімді бүгінгі ерекше күнмен құттықтаймын. Бүгін тарихта ойып орын алар ерекше күн. Екі апта дайындалып, нәтижесінде 600 жұптан асырып рекорд жаңарттық. Бұл бәріміздің жеңіс, жетістігіміз. Құтты болсын!» деп ақ тілегін арнады.
Вальс – бұл серіктестердің бір-бірін сезініп, әр қозғалысты синхронды орындауын талап ететін би. Ол өнерпаздар арасындағы келісім мен өзара түсіністіктің символы болып табылады. Шәмші Қалдаяқовтың әндерінің әуезділігі мен вальстың нәзік ырғағының ұштасуы осы рекордтық шараны одан әрі ерекшелендіре түсті. Вальс ұлттық мәдениет пен әлемдік би өнерінің тамаша үйлесімін көрсетті.
Ректорд орнату елдің мәдениетін, талантын және бірлігін әлемге паш ететін тәсіл. Мұншама көп жұптың бір мезгілде вальс билеуі – қосшылықтардың ұйымшылдығын, өнерге деген сүйіспеншілігін және Шәмші Қалдаяқов сияқты ұлы тұлғаларға деген құрметін көрсетеді. Бұл елдің немесе белгілі бір оқиғаның халықаралық деңгейде танымал болуына ықпал етеді. Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына орай орнатылған рекорд оның шығармашылығын әлемге танытып, қазақ әндеріне деген қызығушылықты арттырады деген сенім бар.
Ардагерлер мен жастардың бірлесіп билеуі ұрпақтар сабақтастығының көрсеткіші. Мұндай ерекше іс-шаралар туристердің қызығушылығын арттырып, Қазақстанға келуге ынталандырады. Бұл экономикалық тұрғыдан да тиімді.
Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған вальс рекорды – тек бір би немесе рекорд қана емес, ол ұлттық рухтың, мәдениеттің, бірліктің және өнерге деген құрметтің салтанаты. Осы сәт қазақ тарихында ерекше орын алып, келешек ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)