Қосшыда "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" өз жұмысын бастады
Жаңалықтар
28
Фотосурет: дереккөз
Қосшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінде егде жастағы азаматтар үшін арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" өз жұмысын бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Орталықтың мақсаты – қарттардың белсенді өмір салтын арттыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және мәдени іс-шараларға қатысуға ынтасын дамыту.
Орталықта ардагерлер мен егде жастағы азаматтар:
кітапханаға;
шахмат ойнауға;
үстел теннисіне;
музыкалық аспаптар мен ән үйірмелеріне;
коворкинг және көрме залдарын пайдалануға;
кеңес беру кабинеттерінің қызметтерін белгіленген кестеге сәйкес тегін негізде қолдануға мүмкіндік алады.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: 8 705 227 44 34.
Пікірлер (0)