Қосшыда қала күніне арналған «KROSS – Салауатты өмір салты 2025» марафоны өтеді
Фотосурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды
Қосшы қаласының 4 жылдық мерейтойы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «KROSS – Салауатты өмір салты 2025» ашық марафоны ұйымдастырылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
24 шілде күні таңғы сағат 07:00-де басталатын жүгіру жарысы «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен (Лесная поляна, 34/1) старт алады. Қатысушылар 4 шақырым қашықтықты бағындырады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл марафон — тек спорттық дода ғана емес, Қосшының тұрғындары мен қала қонақтарын біріктіретін, белсенді өмірге шақыратын игі шара. Жүгіру бағыты қала көшелері арқылы өтіп, қатысушыларға Қосшының көрікті аумағын тамашалауға мүмкіндік береді.
Марафонға жас шектеуі жоқ — ең бастысы, спорттық киім мен көтеріңкі көңіл-күй болуы шарт. Іс-шара барысында қатысушылардың қауіпсіздігі мен тәртіп қағидасына ерекше мән беріледі.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыны марапаттап, арнайы сертификаттар мен есте қалатын сыйлықтар табыстауды жоспарлап отыр.
Марафонға тіркелу және толық ақпарат алу үшін +7 747 767 83 94 нөміріне хабарласуға немесе Instagram желісіндегі @alan_qosshyqalasy парақшасына жазуға болады.
Салауатты өмір салтын бірге қолдайық! Қосшының туған күнін жүгірумен қарсы алайық!
Оқи отырыңыз



Пікірлер (0)