Қостанай облысында үш полиция қызметкері ұсталды

Жаңалықтар
view 25
news

Фотосурет: polisia.kz

Қостанай облысы Рудный қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы "ТоболИнфо" басылымы жазады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінген. Мәліметке сәйкес, полицейлер наурызда ұсталғанмен, бұл ақпарат енді ғана жарияланып отыр.

Қостанай облыстық полиция департаменті 17 наурызда үш полиция қызметкері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің антикоррупциялық қызметі мен ішкі қауіпсіздік басқармасының бірлескен операциясы барысында қолға түскенін растады.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *