Құлсарыда полицей өртке оранған үйден 70 жастағы қарияны құтқарды
Жаңалықтар
76
Фото: istockphoto.com
Атырау облысы Құлсары қаласында учаскелік инспектор өртеніп жатқан үйден ер адамды аман алып шықты, деп хабарлайды janabastau.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
«1 ақпан күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің инспекторы Біржан Зинуллин тұрғын үйлерді аралау кезінде бір үйден шыққан түтінді байқап, дереу көмекке ұмтылған. Полицей түтінге толған үйден 70 жастағы ер адамды сыртқа шығарып, алғашқы көмек көрсеткен. Кейін өзі өртті сөндіруге кірісті», – делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болған. Денесі күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілді.
Пікірлер (0)