Құрғақшылықтан зардап шеккен шаруашылықтарға мемлекет қандай көмек көрсетеді?

Жаңалықтар
view 367
news

Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Шүкірова құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты деп хабарлайды, janabastau.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен жыл өңір фермерлері үшін қиын болды. Салдарынан өнімділік көлемі азайып кетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің физикалық көлем индексі 13%-ға төмендеді. Бұған қарамастан алдымызда Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы және сауда салаларының көрсеткіштерін 20%-ға көтеру тапсырмасы тұр, - дейді облыс әкімі Асайын Байханов.

Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Шүкірованың айтуынша, құрғақшылық салдарын жойып, фермерлерді қолдау шаралары қабылданды.

Басым міндет - көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу. Қабылданған жол картасына сәйкес биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының аумағын 1,6 млн гектарға жеткізбекпіз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,3 мың гектарға артық. 25,7 мың тонна арзандатылған дизель бөлінді. Шығынға батқан шаруаларға көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында салалық министрлікпен қаржылық қолдау шараларының екі пакеті қарастырылған, - дейді ол.

Облыстық бюджеттен сыйақы мөлшерлемелерін арзандату үшін 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қарыз алушы үшін нарықтық мөлшерлемені 5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы күнге дейін 38 шаруашылық иесіне 1,3 млрд теңге көлемінде сақтандыру төлемдері берілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *