«Қыдырәлінің басқа әйелден туған қызы»: Желідегілер Сатаевтың экс-әйелімен бірге жүрген ару туралы айтты

Жаңалықтар
view 6048
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Желіде Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаеваның белгісіз қызбен «көңіл жарастырғаны» туралы хабар тарады. Осы тұста TikTok қолданушысы Doris есімді әйелдің Қыдырәлі Болмановтың бірінші жұбайынан туған қызы екенін айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

Жазира Мекебай есімді желі қолданушысы екеуінің тікелей эфирде бірге отырғанын жазған.

«Өздері күнде эфирде отырады. Сол кезде жұппыз деп айтты. Қыз Қыдырәлі Болмановтың қызымын деді. Бірінші әйелінен екен, араласпайтынын айтты», деді ол.

Осы тұста оның сөзін қолдағандар табылды. Атақты режиссердің қызы екенін естігендер бар екен.

«Өсек айтып не істеймін. Тікелей эфирде отырғандарын кездейсоқ көріп қалдым. «Қыдырәлі Болмановтың қызымын. Кішкентай қызы Айзада маған ұқсайды. Менің атымды қойыпты, менің де есімім Айзада», деп айтқаны өзі», дейді Жазира Мекебай.

Сондай-ақ тик-ток желісіндегі кешегі эфирде Қыдырәлі Болмановтың қызымын деген қыз бұл жаңалыққа анасының қан қысымы көтерілгенін айтты. 

"Бұл жаңалықты мен жасаған жоқпын, өздерің жасадыңдар, мен осы уақытқа дейін сақтап келгенімді сыртқа шығардым", -деді ол қыз.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *