«Қылмысқа қатысы жоқ»: Челах мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін
Фотосурет: ашық дереккөзден
Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова оның шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы ықтимал екенін мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Қорғаушының айтуынша, қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер өмір бойына сотталған азаматтарға да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беру мүмкіндігін қарастырады.

Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл УДО болса да. Себебі ол заңсыз түрде бостандықтан айырылып, ұсталып отыр. Ол – шын мәнінде сол кездегі жағдайлардың құрбаны. Ол атылған адамдардың арасында тірі қалып қойды, - деді адвокат.
Сондай-ақ ол Челахтың ісін қайта қолға алғысы келетінін мәлімдеді.

Менің 20 жылдық тәжірибем, қаншама қылмыстық істермен айналысқаным оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Алғаш ұстағанда-ақ ол: «Мен бұл қылмысты жасаған жоқпын, қатысым жоқ» деді. Ол оқиға болған кезде шекара заставасынан кеткен. Өрт қойылып, атыс болғанда ол жерде болмаған. Жалпы алғанда, кезінде бұл іс саясиландырылды, сондықтан оған сондай реңк берілді. Мұны бәріңіз жақсы білесіздер. Бұл істі ҰҚК өз бақылауында ұстаған», - деді құқық қорғаушы.
Пікірлер (0)