Қытай Айға қонуға арналған алғашқы скафандрды таныстырды
Жаңалықтар
121
Сурет: видеодан скриншот
Қытайдың Чунцин қаласында ғарышкерлерді зерттеу және оқыту орталығы ұйымдастырған скафандр жасау технологиялары бойынша 3-ші форумда арнайы киімнің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды janabastau.kz
Ақ түсті скафандрдың бүйірі қызыл жолақтармен безендірілген. Скафандр Айдағы ультра төмен және ультра жоғары температураның әсерінен тиімді қорғайтын материалдардан жасалған.
CGTN хабарлағандай, ол жақыннан және алыс қашықтықтан түсіруге арналған көп функциялы интеграцияланған басқару панелі және камералармен жабдықталған.
Скафандрдың тұсаукесерінен кейін оған сәйкес атауды таңдау бойынша жалпыұлттық акция басталды.
Ол қазан айының соңына дейін жалғасады.
Пікірлер (0)