«Реал» командасы «Қайратқа» қарсы ойында Мбаппесіз сыналуы мүмкін
Фотосурет: Instagram/sanzhar_footbalist
«Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты қауесет көбейе бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Sportinside.kz-ке сілтеме жасап.
«Атлетикодан» 2:5 есебімен жеңілгеннен кейін командадағы кемшіліктер айқын көріне бастады. Соңғы кездері «Реалдың» шабуылы Мбаппеге тым қатты тәуелді болып қалған. Франциялық шабуылшы маусымның басынан бері 10 гол соқты, ал қалған ойыншылар айтарлықтай артта қалып отыр.
Винисиус Жуниор, Арда Гюлер, Франко Мастантуньо және Эдер Милитао ғана гол соғып, көзге түсті. Ал Родриго Гоэс, Браим Диас, Феде Вальверде және Орельен Тчуамени әзірге өз деңгейіне жете алмай жүр. Сол себепті команданың ішінде алаңдаушылық арта түскен. Қазір қарсылас қақпасы маңында шешуші сәттерді Мбаппенің өзі жалғыз жасауға мәжбүр.
Енді тағы бір интрига пайда болды. Defensa Central деректеріне сүйенсек, «Қайратқа» қарсы ойында Килиан алаңға қосалқы құрамнан шығуы мүмкін. Егер бұл қауесет расталса, онда Мбаппесіз «Реалдың» нәтижеге жауапкершілігін бүкіл команда көтеруге тиіс. Бұл кездесу «Реал» үшін тек турнирлік ұпай тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар клубтың басты жұлдызына демалыс берілгенде, жоғары нәтиже көрсете алатынын дәлелдеу тұрғысынан да маңызды.
Пікірлер (0)