Референдум күні Астана қаласында жолақы тегін болады
Жаңалықтар
79
Сурет: ашық дереккөзден
Жалпыұлттық референдум күні - 6 қазан. Бұл күні Астанада қоғамдық көлік тегін жүреді, деп хабарлайды janabastau.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Сол күні қала маңындағы автобустарда жолақы төленбейтіндігі дереккөздерде анық көрсетілген.
«6 қазан, республикалық референдум өтетін күні Астанада қала және қала маңы бағдарларындағы автобустар жолақы алмайды. Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 7 қазан, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді», - деп хабарлаған әкімдік.
Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден түнгі сағат 23:00-ге дейін жүреді
Пікірлер (0)