"Сағынышым әлі басылған жоқ": Асанәлі Әшімовтің жары ауызашарда жылап қалды

Жаңалықтар
view 33
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Қазақ кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова Сәкен Майғазиевтің үйінде өткен ауызашарға қатысып, марқұм жұбайын еске алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол Асекеңмен бірге өткізген 23 жыл 1 ай 3 күнін өміріндегі ең бақытты кезең деп атап, бұл уақыттың өзіне қалған ғұмырына азық болғанын айтты.

Сағынышының әлі басылмағанын жеткізген Бағдат Әшімова марқұмның әруағы алдында қызмет ететінін, артында қалған мұрасын көздің қарашығындай сақтайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол ауызашарға шақырған Сәкен Майғазиевке алғыс айтып, ақ батасын берді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *