Шәкіртін жар еткен Жаманқұлов әлі де «жас иістен» үмітті
Фотосурет: jasqazaq.kz
Қазақстанның халық әртісі, танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жеке өміріне қатысты бұрын көпшілікке айта бермеген сырын бөлісті. Ол өзінен 24 жас кіші шәкірті Дәрия Әбдімәлікқызына ғашық болып, онымен шаңырақ көтергенін ашық айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мен өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім. Есімнен тандырған махаббат болды. Арамызда екі мүшел жас айырмашылық бар. Бірақ сезімге жас кедергі болмады. Құдайға шүкір, қазір екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмыз, – деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Ол сүйіктісіне деген сезімінің кездейсоқ емес екенін де атап өтті. Айтуынша, алғашында әйелінің өзіне деген сыйластығы уақыт өте махаббатқа ұласқан.
Оның еңбекқорлығына, ой-пайымына тәнті болдым. Таптаурын сөзбен айтсам, көзсіз ғашық болдым. Біз жасырын жүрмей, ашық шешім қабылдадық. Біреулер «Көңілдес болып жүре бермедіңіз бе?» деді. Мен ондай адам емеспін. Мен тек күйеу бола аламын, – деді актер.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Төбе шашым тік тұрды»: Тұңғышбай Жаманқұлов ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)
Тұңғышбай Жаманқұлов қазір отбасылық өміріне шүкіршілік ететінін айтады. Үлкен ұлы Мәскеуден жоғары білім алып келген, екінші ұлы тіс дәрігері мамандығында оқып жүр, ал қызы 10-сыныпта білім алып отыр.
Сонымен қатар актер өмірде ештеңеге кепілдік жоқ екенін де жасырмады.
Әлі де ғашық болып қалмаймын деп кепілдік бере алмаймын. Өмір – өзгеріс, – деді ол.
Пікірлер (0)