«Біз жай ғана шегіне салмаймыз!» - Зеленский жер тағдырын шешуге халықты жұмылдырды
Фотосурет: YouTube.com
Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс аймағының болашағы мен елдің аумақтық тұтастығына қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның пайымдауынша, Украинаның егемендігіне қатысты кез келген маңызды қадам тек ресми билік тармақтарының шешімімен ғана іске аспауға тиіс. Ол елдің заңнамалық негіздері мен азаматтардың құқығын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.
Жер мәселесіне келсек, бұл жалғыз референдуммен, Парламентпен немесе президентпен шеше салатын мәселе емес. Біз жай ғана шегіне салмаймыз! Бұл біздің заңымызға қайшы. Тіпті, заңнан басқа, ол жақта адамдар тұрып жатыр ғой. Біздің 300 мыңдай адамымыз бар ол жақта. Ол адамдарды тағдырдың тезіне салып кете алмаймыз, – деп мәлімдеді Владимир Зеленский.
Сонымен қатар, ол аймақтағы мәселелерді реттеуде экономикалық аймақтарға тән арнайы ережелерді қолдану мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ. Стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде халықтың ерік-жігері шешуші рөл атқаратынын еске салды.
Ал референдум не үшін керек десеңіз, халық ол жердің тағдырын өзі шешуге құқылы! – деп түйіндеді сөзін Украина президенті.
Пікірлер (0)