«Димаштың атына кір келтіріп отыр» - Ұлықпан Жолдасовтың сұхбатынан кейінгі реніш

Жаңалықтар
view 210
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова Instagram-дағы парақшасында сайт тілшілеріне ренішін білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

«Димаш біздің өкіл баламыз. Ол әр сахнаға шыққан сайын біз де тақым қысып, өз ата-анасымен бірдей уайымдап отырамыз. Оның да бізге деген құрметі, көңілі бөлек. Енді мына бір сайттың дұрыс айтылған әңгімені теріс айналдырып қойып отырған тақырыбын қараңыздар. Бұл жердегі мақсаттары не екен? Осылай екі адамның ортасына от салу ма? Халыққа жаманатты етіп көрсету ме? Кейбір кісілер ары қарай ашып оқымайды, тақырыбын оқиды да астына нешетүрлі сөз жазады. Негізі сұқбаттағы әңгіме мүлде басқа.

Жөні түзу әңгімені айналдырып, осындай арзан тақырып қойып, осы сайт өзінің қаралымын арттырып жатқан шығар, бірақ сол тірлігімен қазақты әлемге танытып жүрген баламыздың, 40 жылдан бері қазақ өнеріне қызмет етіп келе жатқан Ұлықпанның атына кір келтіріп отыр. Өздерінің бір күндік рейтингтері үшін басқалардың жылдап жинаған абыройын төге салу оңай болып тұр.

«Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген. Осындай арзан тақырып, жалған ақпарат тарататын сары басылымдардың кесірінен қазір журналистерге деген сеніміміз кетіп барады. Сұқбатқа шақырса баруға, барсақ, бірдеңе айтуға қорқатын болдық. Осындай сайттар тек ешкім оқымай қойғанда ғана жойылатын шығар», – деп ашынды Айған Жолдасова.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *